26
Жұма,
Сәуір

һижри

ЕЛБАСЫ ИНДОНЕЗИЯ ПРЕЗИДЕНТІН ҚАЗАҚСТАНҒА ШАҚЫРДЫ

ЕЛБАСЫ ИНДОНЕЗИЯ ПРЕЗИДЕНТІН ҚАЗАҚСТАНҒА ШАҚЫРДЫ

Ел іші
Жарнама

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия президенті Джоко Видодоны VI әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысу үшін Қазақстанға шақырды. Бұл туралы ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы шақыруын Индонезия президентіне Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жеткізеді. Тоқаев Индонезияға 12-14 наурыз аралығында жұмыс сапарымен барады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында ел президенті Джоко Видодомен кездеседі. Сенат төрағасы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен индонезиялық президентті Қазақстанға ресми сапармен келуге және VI әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуға шақырады» делінген хабарламада.

Тоқаев Индонезияның халық конгресінің басшылығымен парламентаралық байланысты нығайту мәселелерін талқылайды.

www.muftyat.kz

Бөлісу: