30
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Кәрім Мәсімов ҚР Терроризмге қарсы орталығының отырысын өткізді

Кәрім Мәсімов ҚР Терроризмге қарсы орталығының отырысын өткізді

Ел іші
Жарнама

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Отырыста террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстар үшін сотталған адамдарды дерадикализациялау, сондай-ақ оларды бостандыққа шыққан кезде одан әрі әлеуметтік бейімдеудің тиімділігін арттыру бойынша шаралар пысықталды.

Бұған қоса, қоғамда діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру мәселелері бойынша белсенді азаматтық ұстанымды дамыту туралы ұсыныстар талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.

baq.kz

Бөлісу: