01
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Наиб мүфти Қараөткелде жұма уағызын жүргізді

Наиб мүфти Қараөткелде жұма уағызын жүргізді

Ел іші
Жарнама

31 наурыз. Астана. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Буыржан Есмахан Ақмола облысына қарасты Қараөткел елді мекенінде жұма уағызын жүргізді деп хабарлайды nasihat.kz сайты.

Еліміздің жүрегі — Астана қаласының іргесіндегі елді мекендер де қазақтың қалың шоғырланған аймағына айналып отыр. Бір кездегі шағын ауылдар қазір іргелі елге жетті. Мұнда жиырма мыңның үстінде тұрғындары бар елді мекендер көп. Соның бірі — Қараөткел ауылы.
Ауылдағы Алланың үйі де алыстан мен мұндалайды. Қасиетті Жұма күні мешітке келушілердің саны артатыны - белгілі. Алайда, бүгін мешіт тынысы өзгеше. Елордадан арнайы келген наиб мүфтидің уағызын тыңдауға жиналған жұрттың қарасы аз емес.

ҚМДБ төрағасының орынбасары, Наиб мүфти Бауыржан Есмахан жиналған жұртшылыққа «Тілдің кесапаты» тақырыбында тұщымды уағыз айтты. Наиб мүфти ғайбат сөйлеу, өтірік айту, уәдесінде тұрмау, басқаларды келемеждеу, өсек айту, өзіне қатысы жоқ сөзге араласу, азғындықты жариялауда тілге еркіндік беру, сөзді көбейту, әзілдің шегін білмеу, құпияны ашу, т.б. тіл арқылы жасалатын күнәлар мен олардың дүние-ақыреттік зардаптары туралы баяндап берді. Тілдің мірдің оғындай тіліп түсер өткірлігін де, опық жегізетін олқылығын да еске салған наиб мүфти жамағатты тіл нығметін дұрыс пайдалануға, іс-әрекетін шыншылдық пен сәлихалылыққа баулуға үндеді. 

Тереңнен толғап, көп мағынаны қамтыған жұма уағызына жиналған қауым дән риза болып, ақсақалдар ақ батасын берді.

Намаз соңында наиб мүфти дұға жасап, еліміздің амандығын, ел-халқымыздың бейбіт те, мамыражай ғұмыр кешуін Алладан сұрап дұға жасады.

3

2

Бөлісу: