06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Нұр-Мүбарактың 3 оқытушысы қауымдастырылған профессор дәрежесін алды

Нұр-Мүбарактың 3 оқытушысы қауымдастырылған профессор дәрежесін алды

Ел іші
Жарнама

7 Сәуір. Астана. Ummet.kz – PhD докторлары «Исламтану» кафедрасынан Шамшат Әділбаева, «Жалпыуниверситеттік гуманитарлық» кафедрасынан Әлия Төлегенова, Сұлу Исабаева ханымдар қауымдастырылған профессор (доцент) атағына ие болды деп хабарлайды nmu.kz сайты.

Қазір жоғары оқу орындарының мәртебесі оқытушыларының ғылыми деңгейлерімен де бағаланады. Осы орайда Нұр-Мүбарак университетінің үш бірдей білікті ұстаздары қауымдастырылған профессор (доцент)  ғылыми дәрежесіне лайық деп танылды.

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешіміне сай Нұр-Мүбарак университетінің оқытушысы,  белгілі ғалым Шамшат Әділбаева ханымға қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. Бірнеше жыл «Исламтану» кафедрасын басқарып, бүгінде бірыңғай ғылыми еңбектер мен шәкірт тәрбиелеуге бел буған ғалым Шамшат Әділбаева ханымның осы кезге дейін жарыққа шыққан ғылыми еңбектері, мақалалары мен кітаптары көпшіліктің ықыласына бөленіп келсе, енді министрлік тарапынан да лайықты бағаға ие болды.

Сондай-ақ елімізге психология саласы бойынша танылып үлгерген, жас ғалым Нұр-Мүбарактың «Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәнедер» кафедрасының ұстазы Әлия Төлегенова ханым да министрлік шешімімен қауымдастырылған профессор (доцент) атағын иеленді. 2017 жыл қорытындысы бойынша «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленіп, министр Е.Сағадиев қолынан марапат алған Әлия Аманғалиқызы үшін де қауымдастырылған профессор дәрежесі әбден лайық екені сөзсіз.

Осындай елеулі еңбек марапатына университеттің «Жалпыуниверситеттік гуманитарлық» кафедра оқытушысы Сұлу Исабаева ханым да ие болды. Сұлу ханым университеттің  ақпараттық коммуникациялық технологиялар  (ICT) пәні бойынша дәріс береді. Әрі шәкірттері халықаралық деңгейдегі конференция, форумдарда жетістікке жетіп жүрген білікті оқытушы.

Білімді шәкірт тәрбиелу жолында біліктіліктерін арттырып, үнемі өздерін жетілдіріп отыратын, әрі республика көлемінде мойындалып, министрлік тарапынан марапатқа ие болған аяулы ұстаздарды ғылыми дәрежелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Алла екі дүниеде мерейлеріңізді үстем еткей!

Бөлісу: