28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

ҚМДБ: Төралқа мәжілісі басталды (фото)

ҚМДБ: Төралқа мәжілісі басталды (фото)

Ел іші
Жарнама

17 Сәуір. Астана. Ummet.kz - Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен қасиетті Рамазан айы қарсаңында Төралқа мәжілісі басталды.

Мәжіліске Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, облыстың бас имамдары қатысуда.

Алқалы жиында ҚМДБ жұмысын жаңғырту жоспары, Рамазанға дайындық, жаңа ашылған мешіттерге ат қою, т.б. мәселелер талқыланбақ.

Сонымен қатар, облыс имамдарының бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының есебі тыңдалады.

«Қазір біздің алдымызда тұрған негізгі міндеттердің бірі – мүфтияттың жұмысын жаңғырту. Қасиетті Рамазан айы да жақындап келеді. Оразаға дайындық жұмыстарын әрдайым пысықтап отыруымыз тиіс», – деді Серікбай қажы Ораз.    

 

 

Бөлісу: