02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Қажылық қоры мен Уақып қоры меморандумға қол қойды

Қажылық қоры мен Уақып қоры меморандумға қол қойды

Ел іші
Жарнама

27 сәуір. Астана. Ummet.kz - ҚМДБ Қажылық қоры мен «WAQYP INVEST» Басқарушы компаниясының Қажылық бөлімі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды muftyat.kz сайты.

ҚМДБ Қажылық қорының директоры Салқынбаев Айдар «WAQYP INVEST» Басқарушы компаниясының Қажылық бөлімінің басшысы Сабралиев Құрман мырзамен екіжақты келісімге келе отырып, меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты, елімізде қажылық мәдениетін қалыптастыру жолында бірлесіп қызмет жасау көзделеді.

«УАҚЫП» Қазақстандық қоры» корпоративтік қайырымдылық қоры биылдан бастап қасиетті мекенге қажыларды апаруды жоспарлап отыр.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры облыстардағы имам-молдаларына, ҚМДБ-ға қарасты медреселерге қайырымдылық көмек көрсетіп келеді. Аталмыш қор дініміздің дамуы жолында ауқымды жұмыстар атқарып, зор үлесін қосуда.

Бөлісу: