20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти Алматы мешіттерін аралап, уағыз айтуда

Бас мүфти Алматы мешіттерін аралап, уағыз айтуда

Ел іші
Жарнама

22 мамыр. Астана. Ummet.kz -  Бас мүфти Алматы қаласының мешіттерін аралап, уағыз айтуда, деп хабарлайды muftyat.kz сайты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қасиетті рамазан айында Алматы қаласының мешіттерін аралап, тарауық намаздарына қатысып, уағыз айтуда.

Кеше Бостандық ауданының орталық «Орбита-3» мешітінде болып, мешіт ұжымы мен жамағатымен кездесті. Жамағатының басым бөлігі жастар болып табылатын бұл мешітте Бас мүфти Серікбай қажы Ораз оразаның сырлары мен қадір-қасиеті жайлы:

«Рамазан – жылына бір рет келетін берекеті мол ай. Ғибадат айында іс-амалдарды електен өткізіп, иманды жаңартуға, ізгілік істер арқылы жүректі жұмсартуға болады. Ал осы бір мүмкіндікті пайдалана алмау нағыз өкінішті жағдайға түсіреді. Мүбәрак рамазан айында ораза тұтушы бұрын мән бермей жүрген көптеген нығметтердің қадірін сезінеді. Ашығып, шөліркеп Жаратқанның ризық-несібесінің, қара судың қадіріне жетеді. Күні бойы аш құрсақ жүретін жарлы-жақыбайдың жағдайын басынан кешіреді. Бойындағы жанашырлық, бауырмалдық сезімі оянады. Өзінен төменге қарап шүкірлік етеді. Қолда бар мүмкіндіктердің қадірін ұғынады. Оразаның осындай хикметті тұстары бар», – деді.
Имамдыққа шыққан Бас мүфти жамағатпен құптан намазын оқып, еліміздің тыныштығы мен дініміздің амандығы үшін дұға етті.

Бөлісу: