29
Жұма,
Наурыз

һижри

Жолаушыларға ауызашар таратылды

Жолаушыларға ауызашар таратылды

Ел іші
Жарнама

24 мамыр. Астана. Ummet.kz - Жолаушыларға ауызашар таратылды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі. 

Рамазан айындағы ел мешіттерінде өткізілетін қайырымдылық шараларының түрі мен мазмұны алуан түрлі. Арнайы қайырымдылық акцияларынан тыс, күнделікті ауызашарлар жасау үрдіске айналған. Бүгінде ауыл мешіттері де игілікті іс-шараларды көптеп ұйымдастырып, жергілікті өңірлердің береке-бірлігі мен руханияты үшін еселі үлес қосуда.
Астана қаласының іргесіндегі Қоянды ауылдық мешіті де Рамазан айына өзгеше құлшыныспен кірісті. Жылдағы үрдіс бойынша күніге 100-ден астам адамға ауызашар берілуін ұйымдастырып келеді. Ауызашар ай басынан бері арнаулы «Ақнұр», «Арайлым» кафелерінде өткізілуде. Алғаш рет еліміздің өзге аймақтарынан арнайы қарилар алдырып, тарауық намазында Құран Хатым жасалуда.
Бүгін бас имам Заманбек Жәнібектің бастамашылығымен, ауыл іргесіндегі Астана – Павлодар тас жолының бойында жолаушылар үшін арнайы ауызашар тағамдары таратылды. Шара аясында 200-ден астам жолаушыға су, құрма, азық-түлік, жеміс-жидекті қамтыған арнайы ауызашар тағамдары үлестірілді.

WhatsApp Image 2018 05 23 at 18.05.23 1

WhatsApp Image 2018 05 23 at 18.05.23

WhatsApp Image 2018 05 23 at 18.03.53

WhatsApp Image 2018 05 23 at 18.03.57

WhatsApp Image 2018 05 23 at 18.03.52

WhatsApp Image 2018 05 23 at 18.04.11

WhatsApp Image 2018 05 23 at 18.04.02

WhatsApp Image 2018 05 23 at 18.03.50

WhatsApp Image 2018 05 23 at 18.04.09

WhatsApp Image 2018 05 23 at 18.04.13 1

 

Бөлісу: