16
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Бас мүфти Мәскеудегі қазақ жастарымен кездесті (фото)

Бас мүфти Мәскеудегі қазақ жастарымен кездесті (фото)

Ел іші
Жарнама

28 мамыр. Астана. Ummet.kz - Бас мүфти Мәскеудегі қазақ жастарымен кездесті, деп хабарлайды muftyat.kz сайты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ресей Федерациясына жасаған ресми сапары аясында Мәскеуде оқып жатқан қазақ жастарымен кездесіп, сұхбаттасты.

Мәскеуде әртүрлі жоғары оқу орындарында оқып жатқан студенттер өздерін толғандырған мәселелер жөнінде Бас мүфтимен емен-жарқын әңгімелесті.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, сіздер оқып жатқан Мәскеу қаласында ұлтымыздың мақтаныштары мен қайраткер азаматтары білім алып, еліміздің игілігі мен өсіп-өркендеуіне аянбай қызмет етті. Сіздер ұлт үшін құрбан болған кешегі өжет, терең білімді бабалардың ұрпағысыздар. Сіздердің алдарыңызда тұрған негізгі миссияның бірі – алған білімдеріңізді мемлекетіміздің әр салада дамуына сарп ету», – деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Кездесу соңында Бас мүфти қазақ жастарына батасын беріп, ізгі тілегін жеткізді.

20180526 1911270

Бөлісу: