20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Министр діни бірлестік өкілдерімен кездесті

Министр діни бірлестік өкілдерімен кездесті

Ел іші
Жарнама

8 маусым. АСТАНА. Ummet.kz - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі діни бірлестік өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды kazisalm.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің отырысына қатысты.

Отырысқа өңірде тіркелген діни бірлестіктердің жетекшілері, жергілікті мемлекеттік орган басшылары мен мәслихат депутаттары қатысты.

Дархан Кәлетаев дінбасылар алдында сөз сөйлеп, мемлекеттің дін саласындағы бастамалары мен заңнамалық өзгерістер туралы баяндады. 

din1

Министрдің айтуынша, мемлекеттің діни бостандығын қамтамасыз ету саласындағы құқықтық базасы әлемдік демократиялық стандарттарға толықтай сәйкес келеді. Мұны осы бағытта зерттеу, тексеру жүргізетін халықаралық, құқықтық ұйымдар да, сарапшылар да растайды.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі заң жобасының нормалары дінді деструктивті мақсаттарға қолдану жағдайларын барынша азайтуға ғана емес, сондай-ақ елде заңды әрекет ететін діни бірлестіктердің қызметін жеңілдету және дінге сенушілердің құқықтарын қорғауға бағытталғанын жеткізді.

Бүгінгі таңда облыс аумағында 91 діни бірлестік жұмыс жасайды. Оның ішінде 67 бірлестік Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы саналады. Сонымен қатар, 8 православилік, 2 католиктік, 13 протестанттық, 1 «Кришна санасы қоғамы» діни ұйымдары бар.

(Түпнұсқа авторы: Мадина Жанғазиева)

Бөлісу: