19
Жұма,
Сәуір

һижри

Мешіт командасы Астанада өткен чемпионатта жүлделі болды

Мешіт командасы Астанада өткен чемпионатта жүлделі болды

Ел іші
Жарнама

11 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – Мешіттің жасөспірімдер командасы асық атудан Астана қаласында өткен чемпионатта жүлделі болды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен ел мешіттерінде биылғы «Ислам және отбасы» жылы аясында дәстүрлі отбасылық құндылықтар жаңғыртылуда.

Астана іргесіндегі Қоянды ауылдық мешітінде Өкілдіктің қадағалауымен отбасылық құндылықтарды жаңғырту мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Аталар мектебі мен Әжелер мектебі құрылып, ақсақалды аталар мен ақсамайлы әжелердің өнегесін жастарға үйретуге мүмкіндік жасады. Сонымен бірге жаздық сауат ашу курсының шәкірттері арасында «Асығың алшысынан түссін», «Көңілді старт» сайыстары ұйымдастырылып, отбасылық дәсүрлі құндылықтарымыз насихатталды.

Мешіттің ұйымдастыруымен өткен ауылдық асық ату сайысынан жеңіп шыққан шәкірттер Астана қаласының 20 жылдығына орай «2002-2004» жылғы жасөспірімдер арасында өткен асық атудан Астана қаласының ашық чемпионатына қатысты.

Нәтижесінде, мешіт шәкірттері ІІІ орын алып, жүлделі оралды.

«Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасы аясында «Ислам және отбасы» жылына орай, мектеп оқушыларына арналған жаздық сауат ашу курсы аясында да бір қатар отбасылық құндылықтар насихатталып, жасөспірімдер санасында ұлттық кодтың жаңғыруына  мүмкіндік жасауға тырысудамыз. Міне, соның нәтижесі шәкірттеріміз айтулы додадан жүлделі оралып отыр», - дейді Қоянды ауылдық мешітінің бас имамы Заманбек Жәнібек.

WhatsApp Image 2018 06 09 at 14.52.21

WhatsApp Image 2018 06 09 at 14.53.33

WhatsApp Image 2018 06 09 at 14.53.34

WhatsApp Image 2018 06 09 at 14.53.00 1

WhatsApp Image 2018 06 09 at 14.52.18

WhatsApp Image 2018 06 09 at 14.52.20 1

WhatsApp Image 2018 06 09 at 14.52.20

WhatsApp Image 2018 06 09 at 14.52.17

WhatsApp Image 2018 06 09 at 14.53.00

WhatsApp Image 2018 06 09 at 14.53.32

WhatsApp Image 2018 06 09 at 14.53.35

WhatsApp Image 2018 06 09 at 14.53.34 1

WhatsApp Image 2018 06 09 at 14.52.16

WhatsApp Image 2018 06 09 at 14.52.17 1

WhatsApp Image 2018 06 09 at 14.52.11

WhatsApp Image 2018 06 09 at 14.52.12

Бөлісу: