19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Құны 1 млн.теңгеден артық 62 түрлі кітап сыйлады

Құны 1 млн.теңгеден артық 62 түрлі кітап сыйлады

Ел іші
Жарнама

18 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – Қасиетті Рамазандағы ерекше қайырымдылықтың түрі деп «Арыс» баспасының Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына табыстаған зекетін айтуға болады. Бұл зекет ақшамен, дүниемен емес, мәңгілік қазына көзіне айналған кітаппен болды деп хабарлайды «Нұр Мүбарак» университетінің баспасөз қызметі.

Барлығы 5 млн.теңгеден асатын кітап қорын салтанатты түрде табыс ету шарасына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, PhD, доцент Алау Әділбаев, Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, профессор Шамшәдин Керім, «Арыс» қорының (баспасының) директоры, ф.ғ.д., профессор Ғарифолла Әнес, Әбу Ханифа медресе-колледжінің директоры Құлмұхамед Махамбет, ҚМДБ Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының директоры Кенжеәлі Қоңыратбайұлы және біршама қоғам қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Әуелі сөз алған Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, профессор Шамшәдин Керім:

«Бұл «Арыс» баспасы сонау тәуелсіздік алған кезден бастап елдігімізге, тарихымызға, ұлт тұлғаларына қатысты құнды еңбектер шығарып келе жатқан шаңырақ. Түрлі энциклопедиялық кітаптар, терминологиялық, орфоэпиялық сөздіктер, танымдық еңбектер, т.б. еліміздің интеллектуалды ағартушылық, ғылыми әлеуетін көтеретін туындыларды жарыққа шығарып келеді. Мемлекеттік тапсырыстармен де жұмыс істейді. Осындай көптеген том-том еңбектер арқылы еліміздің руханиятына орасан қызмет етіп келе жатқан баспаның басшысы Ғарифолла Әнес баспагер ғана емес, ғалым, қоғам қайраткері. Ал бүгінгі кітаппен беріп жатқан зекеті келешек ұрпақ үшін, діни оқу орындары үшін керемет қазына деп айтуға болады, — деді.

Aris06 2018 2

Aris06 2018 4

Aris06 2018 6

Aris06 2018 7

Aris06 2018 8

Aris06 2018 1

Aris06 2018 3

Aris06 2018 9

Aris06 2018 10

Aris06 2018 1

Бөлісу: