19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Шетелдіктер қызығатын Астанадағы үздік 20 орын

Шетелдіктер қызығатын Астанадағы үздік 20 орын

Ел іші
Жарнама

Астанаға шетелден туристер, түрлі конференция-форум немесе жұмыс бабымен келетін шетелдіктер көп. Оларға Елодамыздың қай жерлері көбірек ұнағанын қарап көрейік.

Бұл үшін алдымен Tripadvisor сайтына кіреміз. Tripadvisor — 2000 жылы құрылған, әлемнің түрлі нүктелері туралы саяхатшылардың жазған пікірлері, суреттері, бағалары жинақталған, дерек қоры өте үлкен сайт. Әлемнің 45 елінде 25 тілде қызмет етеді. Айына бұл сайтты 315 млн қолданушы пайдаланады. Тіркелген қолданушы саны — 70 млн. Яғни, қолданушылар осы беделді сайттың туристік мекен, қалалар, елдер бойынша рейтингтік бағасына сеніммен қарайды.

Tripadvisor қолданушылары Астанаға қатысты 16 мың пікір жазған екен. Сол пікір және бағалары бойынша Астана парақшасында міндетті түрде барылуы тиіс жерлердің тізімі жасақталған.

1. «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры

Блог - asaubota: Шетелдіктердің көзімен Астананың үздік 20 қыры
«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келді. Астананың сол жақ жағалауында орналасқан «Астана Опера» асқан сән-салтанатымен көз тартады. Ол бұл тұрғыда Миландағы «Ла Скала», Мадридтағы Корольдік опера, Мәскеудегі Үлкен театр, Нью-Йорктегі Метрополитен-опера сынды атақты театрлар қатарынан орын алды.

2. «Хазірет сұлтан» мешіті 
Блог - asaubota: Шетелдіктердің көзімен Астананың үздік 20 қыры
«Хазірет сұлтан» мешіті Астанадағы ең әдемі сәулет нысандарының бірі және Қазақстан халқының рухани байлығының көрінісі іспеттес.мешіт құрылысы 2009 жылы шілдеде басталды.

3. Астаналық саябақ
Блог - asaubota: Шетелдіктердің көзімен Астананың үздік 20 қыры
Астана аумағындағы көне саябақтың бірі көпес В.Кубриннің бастамасымен ХІХ ғасырдың соңында қолға алынған «Орталық» қазіргі – «Астаналық» саябағы

4. «Астана-Бәйтерек» монументі
Блог - asaubota: Шетелдіктердің көзімен Астананың үздік 20 қыры
Астанада Қазақстанның көне дәстүрден тамырланатын нышанын тұрғызу жөніндегі идеяны Республика Президенті 1999 жылы көтерген еді. Елбасы оның қандай болуы керек екенін де эскиз түрінде көрсетіп берді. Алыс-жақын елдер сәулетшілерінің көп жобасының ішінен нақ осы нұсқа – «Бәйтерек» идеясы таңдалып алынды. 2002 жылы Еуразияның кіндігі – Астананың төрінде «Астана-Бәйтерек» монументі салынды.

5. Бейбітшілік және келісім сарайы
Блог - asaubota: Шетелдіктердің көзімен Астананың үздік 20 қыры
2003 жылы Елбасы Астана қаласында Әлемдік және дәстүр­лі діндер көшбасшыларының Бірінші съезінде көтерген баста­масының жарқын көрінісі ретінде Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Сыртқы пішініне қарап жергілікті халық «Пирамида» деп атап кеткен Бейбітшілік және келісім сарайы — ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік нышаны тәрізді. 2006 жылы қыркүйек айында шаңырақ көтерген бұл сарай шындығында да Египеттің даңқты пирамидаларына ұқсайды.

6. Ұлттық музей
Блог - asaubota: Шетелдіктердің көзімен Астананың үздік 20 қыры
Еліміздің Ұлттық музейі Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың бастамасымен және тікелей тапсырмасымен 2014 жылы ашылды. Қазірдің өзінде қорда 175 мыңнан астам экспонат бар.

7. «Нұр-Астана» мешіті
Блог - asaubota: Шетелдіктердің көзімен Астананың үздік 20 қыры
«Нұр-Астана» мешітіне мұсылмандармен қатар, Қазақстандағы ислам мәдениетімен жақынырақ танысып, оның рухани атмосферасын сезінгісі келгендердің де баруына болады. «Нұр-Астана» — Қазақстан мұсылмандарының заманауи мәдени-діни символы және еліміздегі «Хазірет сұлтаннан» кейінгі үлкен мешіт.Сәулеттік жобасын ливан сәулетшісі Чарльз Хафиз жасады. Құрылыс 2002 – 2005 жылдары Катар мемлекетінің қаржылық қолдауымен жүргізілді. 

8. «Хан – Шатыр»
Блог - asaubota: Шетелдіктердің көзімен Астананың үздік 20 қыры
Атақты британ сәулетшісі Норман Фостер жобалаған «Хан – Шатыр» әлемдегі шатыр түріндегі ең ірі ғимарат, әрі Қазақстандағы ең үлкен сауда орталығы. Сауда, ойын-сауық орталығы 2010 жылы астана күнінде ашылды.

9. Есіл өзені жағалауы
Блог - asaubota: Шетелдіктердің көзімен Астананың үздік 20 қыры
Есіл өзенінің жағалауы. Елорданың ескі бөлігі мен жаңа ауданын жалғап жатқан Есіл өзенінің жағалауы қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған. Жаяу серуендеуге ыңғайлы. Өзеннің баяу ағысы, тамаша қала көрінісі тынығуға барлық жағдайды жасайды. Жағалауда музыканттар мен суретшілер өнерлерін көрсетіп, балаларға арналған атракциондар жұмыс істейді.

10. «Астана-Арена» стадионы
Блог - asaubota: Шетелдіктердің көзімен Астананың үздік 20 қыры
Стадион ресми түрде 2009 жылы ашылды. «Астана-Арена» — әлемдегі 10 000 шаршы метр жылжымалы төбесі бар алты футбол стадионының бірі. Стадионға 33 000 адам сыяды.

11. Свято-Успенский кафедралық соборы
Блог - asaubota: Шетелдіктердің көзімен Астананың үздік 20 қыры
Свято-Успенский кафедралық соборы қазақстандық православтар қауымының орталығы іспеттес. Еліміздегі ең ірі православтық кешен 2009 жылы салынды. Собор базасында Қазақстан Православ шіркеуінің синоды және Кирилл мен Мефодий атындағы рухани-мәдени орталық орналасқан.

12. «Қазақ елі» монументі
Блог - asaubota: Шетелдіктердің көзімен Астананың үздік 20 қыры
Жалпы аумағы 5,2 гектар жерді алып жатқан бұл ескерткіштің ел тарихынан алар орны ерекше. «Қазақ елі» -халқымыздың көне тарихын, мәдениеті мен жетістіктерін әспеттейтін ауқымды кешен. Монументтің ұзындығы 91 метр. Бұл еліміздің тәуелсіздік алған жылын білдіреді.

13. Тәуелсіздік сарайы
Блог - asaubota: Шетелдіктердің көзімен Астананың үздік 20 қыры
Мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы іс-шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді. Ресми іс-шаралармен қатар концерттерді, көрмелерді, мерекелік жиындарды өткізуге барлық мүмкіндік бар.

14. Цирк фонтаны
Блог - asaubota: Шетелдіктердің көзімен Астананың үздік 20 қыры
Tripadvisor қолданушылары Астан циркін емес, цирк алдындағы фонтанды ерекше атап өтіпті.

15. ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі 
Блог - asaubota: Шетелдіктердің көзімен Астананың үздік 20 қыры
Астана қаласының аса көрікті ғимараттарының бірі болып санала­тын Елбасының бұрынғы резиденциясында 2005 жылы 4 шілде күні ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі өз жұмысын бастады. Музейдің ғылыми-аныктамалық, есептік жүйелеу және сақталу жүйесі әлемнің алдыңғы қатарлы үлкен музейлерімен парапар. Бүгін­де музей коллекциясы 62 мың бірлікті құрайды. 

16. Mega Silkway
Блог - asaubota: Шетелдіктердің көзімен Астананың үздік 20 қыры
Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығының арқасында елорда тұрғындары шопинг пен уақытты тиімді өткізудің жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізіп отыр. -Сауда орталығының бір ерекшелігі, көлемі – 140 мың шаршы метр, ені – 160 метр. 

17. Атамекен – «Қазақстан картасы» этномемориалдық кешені 
Блог - asaubota: Шетелдіктердің көзімен Астананың үздік 20 қыры
Атамекен – «Қазақстан картасы» этномемориалдық кешені 2001 жылдың 8 қыркүйегінде Астана қаласында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ашылды. Мұндай тарихты танытудың үлгілері қазір әлемнің көп елдеріне танымал.

18. С. Сейфуллин атындағы ұлттық мұражай
Блог - asaubota: Шетелдіктердің көзімен Астананың үздік 20 қыры
1988 жылдан бері бұл музей — қазақ халқының мәдениет және мемлекет қайраткерлерінің бірі Сәкен Сейфуллинге арналған ескерткіш, әрі астананың тарихи және рухани орталықтарының бірі.

19. Ғашықтар аллеясы
Блог - asaubota: Шетелдіктердің көзімен Астананың үздік 20 қыры
Есілдің сол жағалауындағы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының ғимараты мен Сарыарқа даңғылы арасынан орын тепкен «Ғашықтар саябағы» 2005 жылы Тәуелсіздік күніне орай ашылған. Оның «Ғашықтар» деп аталуының өзіндік мәні бар. Екі жастың бір-біріне ынтығып тұрған суреті – «Бақытым менің» атты мүсіндік композицияға айналған.

20. «Керуен» ОСО
Блог - asaubota: Шетелдіктердің көзімен Астананың үздік 20 қыры
2002 жылы ашылған “Керуен” — жаңа Астананың ең ескі ойын-сауық орталықтарының бірі. Ұлы Жібек Жолы стилінде салынған бұл орталық әлі де Астананада халық көп жиналатын жерлердің бірі.

http://kerekinfo.kz

Бөлісу: