28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Министр Мүфтияттың қос қызметкерін марапаттады (фото)

Министр Мүфтияттың қос қызметкерін марапаттады (фото)

Ел іші
Жарнама

30 маусым. АСТАНА. Ummet.kz - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шарада отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары мен журналистерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Шара барысында министр Дархан Аманұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мен Ғаламтормен жұмыс секторының меңгерушісі Мұрат Манапұлын, сонымен қатар, дін, азаматтық қоғам және жастар саясаты саласын кеңінен жариялап жүрген бірқатар республикалық басылымдар, телеарналар мен интернет ресурстардың өкілдеріне «Алғыс хат» тапсырды.

«Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Бүгінгі қоғамда БАҚ өкілдерінің қызметі ерекше маңызға ие. Сіздерге дін, азаматтық қоғам және жастар саясаты саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттық тұрғыда қолдауларыңыз үшін айрықша алғыс білдіремін. Осынау мерейлі мерекеде Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, кәсіби жетістік, отбасыларыңызға амандық тілеймін», - деп құттықтады Дархан Кәлетаев.
Салтанатты шарада сөз алған Ағабек Қонарбайұлы:

«Дін – өзекті әрі нәзік саланың бірі. Бұл салада қалам тербейтін журналистерге әуелі жауапкершілік, содан кейін парасаттылық пен байсалдылық аса қажет. Өйткені, біздің қоғамда діни сенімі әртүрлі азаматтар өмір сүреді. Адамның сеніміне нұқсан келтірмеу керек. Қазір жастардың Ислам дініне деген құштарлығы күн санап артып келеді. Бұл үрдіс пен толқынды дұрыс арнаға бұру да – маңызды мәселенің бірі», – деп атап өтті.
Айта кетейік, 2011 жылы 20 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 28 маусым - Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілген.

Бөлісу: