28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Астанада діни бірлестік өкілдеріне арналған жиналыс өтті

Астанада діни бірлестік өкілдеріне арналған жиналыс өтті

Ел іші
Жарнама

30 маусым. АСТАНА.Ummet.kz - «Астана – бейбітшілік пен келісімнің рухани орталығы» тақырыбында Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдерінің Жиынының кезектен тыс отырысысы өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

2018 жылы 29 маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты ғимаратында Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаевтың төрағалығымен Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдерінің жиынының кезектен тыс отырысы өтті.

Іс-шара Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана – бейбітшілік пен келісімнің рухани орталығы» тақырыбында өткен жиналысқа Қазақстан Республикасында діни бірлестіктердің, ҚР ДІАҚМ Дін істері комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты және Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының басшылары мен өкілдері қатысты.

Дін істері жөніндегі комитеттің төрағасы Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы, өз сөзінде «Елорданың жетістіктерінің маңыздылығы, сондай-ақ Елорданың дамуы Қазақстанды тұтас, түбегейлі өзгертіп, оны экономикасы мықты және саяси тұрақты мемлекетке, жауапкершілігі мен беделі жоғары халықаралық серіктеске айналдырды» деп атап айтты.

Кездесуде Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының директоры Махашов Жангелді Меңібайұлы Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы тарихта ұлы өркениеттердің тарихи-мәдени мұрасын өзара байланыстырудың орталығы болып табылатынын атап өтті.

Жиналыста Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Мұқанов Асқар Әбітайұлы «Астана қаласының 20 жылдығына Астана мешіттерінің қосқан үлесі» атты баяндама жасады.

«Діни салада да көптеген ауыз толтырып айтатын жетістіктерді атауға болады. А дегенде бір ғана мешіт еді, қазіргі таңда 8 мешіт бар. Осы жылдар ішінде республикалық Әзірет Сұлтан мешіті, Нұр Астана орталық мешіті, әлемдегі санаулы ЭКО мешіттердің бірі «Ырыскелді қажы» мешіті бой көтеруі, еліміздегі Ислам дінінің орталығы болған бірден-бір республикалық діни бірлестік Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының көшіп келуі, екі реткі Республикалық имамдар форумының өткізілуі, «Еуразия кеңістігіндегі Ислам өркениеті: өткені, бүгіні және болашағы» атты тақырып аясында Еуразия мұсылман ғұламаларының форумының Астана қаласында өтуі – қаланың, мәдени-әдеби орталық ғана емес діни руханияттың да ордасы болып қалыптасқанын әйгіледі. Бүгінде басқа қалалар Астана қаласына қарап бой түзеп, Елорданың бастамаларын жергілікті жерде жүзеге асыруға ұмтылатынын байқаймыз. Бұл балық салада бар. Айталық, ел мешіттері де Астана мешіттерін үлгі, өнеге тұтады. Міне, бұл қаланың руханиятының ел рухниятындағы көшбасшылық деңгейге көтерілгені деп білеміз», - деді А.Әбітайұлы.

Сонымен бірге, мешіттерде атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып, Елорда мешіттерінің қала руханиятына қосқан үлесі жайында баяндап берді. 

Өз кезегінде, діни бірлестіктердің өкілдері Елордамыздың дінаралық келісім пен ұлтаралық татулықтың үлгісі ғана емес, халықаралық диалог алаңы ретінде ерекше маңызға ие екенін атап көрсетті. 

Отырыс соңында діни бірлестік өкілдері Елорда күніне орай бірлескен құттықтауларын жария етті.

2

3

4

1

5

6

7

8

9

15

19

20

 

Бөлісу: