29
Жұма,
Наурыз

һижри

ҚМДБ қызметкері өңір журналистеріне тренинг өткізді (ФОТО)

ҚМДБ қызметкері өңір журналистеріне тренинг өткізді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

14 шілде. АСТАНА. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы өңір журналистеріне тренинг өткізді, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы, журналист Ағабек Қонарбайұлы Батыс Қазақстан облысының журналистеріне «Діни мақала жазудың әдістері мен ақпарат таратудың тәсілдері» деген тақырыпта тренинг өткізді.

Тренингке облыстық, қалалық, аудандық ақпарат құралдарында қызмет ететін 30-дан астам тілшілер қатысты.

Ағабек Қонарбайұлы журналистерге діни салада ақпарат таратудың жауапкершілігі, жалған жаңалықтың зардабы, дін тақырыбын сенсацияға айналдырудың кері әсері, азаматтардың діни сенімін қорлаудың зияны жайлы жан-жақты түсіндіріп өтті.

«Дін – өзекті әрі нәзік тақырыптің бірі. Бұл салаға байсалдылық пен ұстамдылық қажет. Адамның діни сеніміне қатысты пікір жазуда ең бірінші жауапкершілік керек. Дін – рейтинг құралы болмауы тиіс», – деп атап өтті А.Қонарбайұлы.

ҚМДБ қызметкері тренинг барысында бейнеролик пен слайд арқылы тақырыпты жан-жақты аша түсті. Сонымен қатар, мәтінді редакциялау шеберлік сыныбын өткізді.

Трениниг соңында қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.

Бөлісу: