17
Сенбі, Тамыз

һижри

Наиб мүфти ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) семинар-тренингіне қатысты (ФОТО)

Наиб мүфти ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) семинар-тренингіне қатысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

20 шілде. АСТАНА. Ummet.kz - Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) семинар-тренингне қатысты, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Шымкент қаласына ресми сапармен ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы облыстық ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) мүшелерінің біліктілігін көтеру мақсатында ұйымдастырылған семинар-тренингіне қатысты.

Семинар-тренингінде ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы діни басқарма тарапынан атқарылып жатқан ауқымды һәм кешенді жұмыстары туралы айтып өтті.

Айта кету керек, облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің ұйымдастыруымен өткен семинар-тренингіне елімізге танымал теология және философия ғылымдарының докторы, профессор Д.Кенжетай, ҚР Қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы Н.Қабылов, Ақтөбе облысы дін істері басқармасының «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы КММ басшысы Ж.Сүлейменов, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Анарбаевтар мен Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бас имамдары қатысты.

Аталмыш шараның негізгі мақсаты еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, деструктивті діни ұйымдардың алдын алу мақсатында облыстық ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) мүшелерінің біліктілігін көтеру, діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде сақтану шараларын жетілдіру, қоғамда кереғар ағымдарға қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру мақсатында семинар-тренинг өткізілді.

Жалпы, семинар-тренингтен имамдарымыз мол ақпарат алып, қажетті мағлұматарға ие болды.

Бөлісу: