28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Мешіт бақшасы өнім бере бастады

Мешіт бақшасы өнім бере бастады

Ел іші
Жарнама

25 шілде. АСТАНА. Ummet.kz – «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің қызметкерлері биыл мешіт ауласындағы шамамен 50 шаршы метр жерді бақша орнына пайдаланды, деп хабарлайды nurgasyr.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Онда қияр, қызанақ, асқабақ, аскөк, пияз, картоп, баклажан, түрлі түсті қырыққабат, тәтті бұрыш секілді түрлі көкөністер егілді. Бақша - қазандық қызметкерлерінің қарауында. Күнара суарылады. Тіпті суық күндері жас өсінділерді жауратпас үшін, үстіне түрлі жабынды жабылып, кәсіпқой бағбандардікіндей күтім жасалды. Соның арқасында бүгінде бақша дақылдары біртіндеп өнім бере бастады. Қияр жемісін беріп, «алып» асқабақтар да өсуде.

Бақша өнімдері асхананың қажеттілігіне, күнделікті ас әзірлеу кезінде пайдаланылмақ. Сондай-ақ, қыстың қамын қылып, түрлі салаттар әзірлеуге де қолданылмақ.

WhatsApp Image 2018 07 23 at 16.09.16

WhatsApp Image 2018 07 23 at 16.09.17

news image 14558

WhatsApp Image 2018 07 23 at 16.09.231

Бөлісу: