17
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Биылғы қажылық бұрынғыдан өзгеше

Биылғы қажылық бұрынғыдан өзгеше

Ел іші
Жарнама

3 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz – Қазақстан қажыларына қызмет көрсететін 18 фирма биыл қажыларды жаңа үлгідегі бірыңғай киіммен қаматамасыз етеді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Осы жылдың сәуір айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық қорының бастамасымен сәнгерлер арасында байқау ұйымдастырылған болатын. Аталмыш байқау дизайнерлер арасында қажылардың жаңа киім үлгісі бойынша өткізілген еді. Байқауға 14 дизайнер қатысып, бақтарын сынады.

Байқаудың шарттарына толықтай сай келген әрі дизайны жағынан қазақы нақышты қолданған «Абырой КЗ» фирмасының тіккен киім үлгісі бас жүлдеге ие болған-тын. Айта кетелік,  «Абырой КЗ» бұған дейін де сапалы ұлттық киімдерді тігумен аты белгілі компания. Енді Қазақстаннан қажылыққа баратын 3000 қажыны киіммен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие.

ҚМДБ қажылық бөлімінің қызметкері Нұрқанат Байзақов «Қазақпарат» ХАА-не берген сұхбатында биылғы қажылықтың ерекшелігі - бірыңғай киім киетіндігінде екендігін айтып өтті. «Бұрын 18 компания 18 түрлі киіммен апаратын. Енді биыл киім бір, тек киімдегі логотип қана әртүрлі болады», - деді Н.Байзақов.

news image 13877

Бөлісу: