25
Сейсенбі, Қыркүйек

һижри

Танымал кәсіпкер «мектепке жол» акциясына 5 500 000 теңге жинап берді

Танымал кәсіпкер «мектепке жол» акциясына 5 500 000 теңге жинап берді

Ел іші
Шрифт

20 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz – Танымал кәсіпкер әрі депутат Қайрат Құдайберген «Ихлас» мәдени-ағарту қорымен бірлесіп 1300 балаға мектеп құрал-жабдықтарын алды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бұл жайында Қайрат Құдайберген өзінің инстаграм парақшасында жариялады:

«Ихлас» мәдени-ағарту қоры жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға арналған, ішіне мектепке қажетті 25 түрлі құрал-жабдық салынған 1300 сөмке дайындады. Бұл істе бізге көмек көрсеткен барша жанға алғысымды білдіремін. Сіздердің көмектеріңіздің орны ерек! Әсіресе, 1000 баланың шығынын көтерген «Трансформатор» клубының мүшелеріне алғыс айтамын. Бізді қолдаған баршаға рахмет! Достар, сіздер игі іс істедіңіздер!».

Постың астына риза болған оқырмандар алғысқа толы пікірлерін жазуда.

e-max.it: your social media marketing partner

Категория бойынша