05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Мүфтият командасы - алғашқы үздік үштікте (ФОТО)

Мүфтият командасы - үздік үштікте (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

23 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz - Мүфтият командасы журналистер арасындағы аяқдоп жарысында жақсы ойын көрсетуде, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

Елордада Астана футбол федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан журналистер арасындағы дəстүрлі БАҚ лига аяқдоп жарысында ҚМДБ баспасөз қызметі командасы жақсы нәтиже көрсетуде.

Қазіргі есеп бойынша, ҚМДБ баспасөз қызметі алғашқы үздік үш команданың құрамында.

ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы бастаған мүфтиятқа қарасты сайт, телестудия қызметкерлері асыл дініміз бен ҚМДБ мүддесі үшін барын салуда.

Айта кетейік, ҚМДБ баспасөз қызметі командасы БАҚ лига жарысына түңғыш рет қатысып отыр.

Бөлісу: