19
Жұма,
Сәуір

һижри

Әйел-аналар тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті (ФОТО)

Әйел-аналар тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

31 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz – «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ, әйел жамағаттары мен ҚМДБ өкілдерінің арасында «Ислам қоғамындағы әйел-аналардың орны мен мәртебесі» атты дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Еркін сұхбат деңгейінде өткен отырыстың алғысөзін «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшысы міндетін атқарушы Долиев Жапал сөйледі. Ол әйел-аналар арасында шариғи және құқықтық тұрғыда жиі орын алатын түйткілді мәселелердің шешілу жолдарын қарастыру мақсатында осындай жиынның ұйымдастырылып отырғанын айта келе, қатысушыларды өз пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісуге шақырды.

Жиынға аталмыш орталықтың «Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету» бөлімінің басшысы Қойшиева Лимана, ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Аманқұлов Хасан, ҚМДБ-ның «Әйелдер-қыздар» секторының меңгерушісі, теолог Тілегенова Ақбөпе, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы  Қыдырмин Қанат, «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы Муслимов Дәурен және «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұстазы Нұрғалиева Динара қатысты. Сонымен бірге, еркін сұхбат алаңында «Садақа жария» және «Инабат» инициативті тобының белсенділері де бас қосты.

Әңгіме барысында күніміздегі мұсылман қыз-келіншектердің мәселелері жан-жақты талқыланып, алдағы уақытта бірлесе отырып жұмыс жасау жолдары келісілді.

1

4

10

5

6

8

9

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

22

23

24

25

27

28

29

 

Бөлісу: