29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти министрмен съезд жұмысы жайлы сұхбаттасты (ФОТО)

Бас мүфти министрмен съезд жұмысы жайлы сұхбаттасты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

4 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz - Бас мүфти Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрімен алда болатын съезд жұмысы жайлы сұхбаттасты, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мүфтияттың Астанадағы Бас кеңсесінде болды. Қайрат Құдайбергенұлы Бас мүфти Серікбай қажы Оразбен Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезіне қатысты әзірлік жұмыстары жайлы сұхбаттасты.

Айта кетейік, кезекті Съезд «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем жолында» тақырыбымен 2018 жылы 10-11 қазанда Астанада өтеді. Қазірдің өзінде 74 делегат Съезге қатысатындарын растаған.

VI Съезд аясында Бейбітшілік пен келісім мұражайының ашылуы және «Астана – бейбітшілік дауысы» халықаралық фестивалі өтеді деп күтілуде.

Бөлісу: