19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

«Әйел – отбасы тірегі» атты ашық сұхбат форматында кездесу өтті (ФОТО)

«Әйел – отбасы тірегі» атты ашық сұхбат форматында кездесу өтті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

17 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz –  Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы «Әйел – отбасы тірегі» атты қыз-келіншектерге арналған сұхбат алаңын өткізді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Алғы сөз сөйлеген Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы КММ басшысы Долиев Жапал отбасының ұйытқысы, үй ішінің сәнін келтіріп, ошақтың жылуын сақтайтын әйел затының тәрбиесі мен әлеуметтік орнының маңыздылығына тоқталды. Еркін сұхбат форматында өткен кездесуде әрі қарай Психологиялық оңалту бөлімінің басшысы Қойшиева Лимана «Ер мен әйел психологиясы» тақырыбында әңгіме өрбітіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Отбасындағы кикілжіңдерді дер кезінде тоқтату, түсініспеушіліктерді ушықтырмай, сабырмен шешім қабылдау тәсілдері жайлы Психологиялық оңалту бөлімінің  мамандары Байбекова Жанна, Есбалта Ақторғын сөз қозғап, өз білімдерімен бөлісті. Кездесу соңында радиожурналист Гүлнұр Омарханқызы ұлттық дүниетанымымыздағы ана рөлінің мән-мағынасы жайында ой өрбітті.

Ашық сұхбат алаңына «Нұр Астана» орталық мешітінің жанынан ашылған «Жібек» қыз-келіншектер клубының бір топ белсенділері де қатысты.   

DSC 0343

DSC 0343

DSC 0343

DSC 0343

DSC 0343

DSC 0343

DSC 0343

DSC 0343

DSC 0343

DSC 0343

DSC 0343

DSC 0343

Бөлісу: