02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Серікбай қажы Ораз Оралда жаңа мешіттің ашылуына қатысты (ФОТО)

Серікбай қажы Ораз Оралда жаңа мешіттің ашылуына қатысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

28 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Батыс Қазақстан облысына жасаған сапары барысында Орал қаласының іргесіндегі Серебрякова кентінде салынған Айту ата мешітінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Ашылу салтанатында сөз алған Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

«Бұл өмірге келген әрбір пенде өзінің артынан өшпес мұра немесе өшпес із қалдырып кетсем деп армандайды. Оған жетер жол Ислам шариғатында жатыр. Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болған. Өйткені, мешіт – мұсылман баласының қажетті дұға-тілектерін бір Алла Тағаладан ғана сұрайтын, пенделік қателіктері үшін кешірім сұрап, тәубеге келер мекені», - деді.

Мерекелі шарада елімізге белгілі жыршы-термеші Жәкен Омаров тағылымды толғаулардан шашу шашты.

Алла үйінің ашылу салтанатында Бас мүфти жаңа мешітке өзінің арнайы сыйлығын табыс етті.

Мешіт 200 адамға арналып салынған.

348A1643

348A1658

348A1664

348A1672

 

348A1674

348A1702

348A1713

348A1720

348A1736

348A1748

348A1778

348A1830

348A1853

348A1905

348A1963

348A1977

348A1981

348A1984

348A1996

 

Бөлісу: