19
Жұма,
Сәуір

һижри

«ҚАҒАНАТ» асханалар желісі халал сертификат алды (ФОТО)

«ҚАҒАНАТ» асханалар желісі халал сертификат алды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

3 қазан. АСТАНА. Ummet.kz - Халыққа адал тағам ұсынуды мақсат тұтқан «ҚАҒАНАТ» асханалар желісі халал сертификатқа ие болды, деп хабарлайды ҚМДБ халал стандарттау бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«ТЕЗ», «ДӘМДІ», «ТАЗА» және «ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒА» деген негізгі 4 принцип бойынша жұмыс жасайтын «ҚАҒАНАТ»  қоғамдық тамақтану нарығында 1996 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Алғашқы асханасы Алматы қаласы, Тастақ ауданында 3 қана қызметкердің жұмысымен басталған мекеменің бүгінде Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында 25 асханалар желісі және 1000-нан аса қызметкері бар.

Күн сайын әр асхана 1000-нан аса тұтынушыны тамақтандырып, айына 750 000 адамға қызмет көрсетеді.

«ҚАҒАНАТ» асханалар желісі қызметкерлерінің еңбек жолы – қарапайым идеядан үлкен империяға айналудың, қажырлы еңбек пен, табанды шыдамдылықтың көрінісі.

20181002 162331 копия 364x450

Бөлісу: