19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

ҚМДБ Төрағасы Түркия мүфтиімен кездестІ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы Түркия мүфтиімен кездестІ (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

13 қазан. АСТАНА. Ummet.kz - Бүгін Бас мүфти Серікбай қажы Ораз республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің VI съезі аясында Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербашты қабылдады, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Кездесуде Әли Ербаш мырза дін лидерлерінің кезекті съезі жайлы жылы пікірін білдіріп, халықаралық басқосудың жоғары деңгейде өткенін мәлімдеді. Игі шара әлемдік дінаралық бірлік пен бейбітшілікке оң ықпал ететінін жеткізді. Сонымен қатар, мәртебелі мейман қазақ-түрік бауырластығы нығайып келе жатқанын да тілге тиек етті. 

Өз кезегінде Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы қазақ имамдарының білім жетілдіруіне қолдау көрсетіп келе жатқан Түркия Дін істері басқармасына, оның төрағасы Әли Ербаш мырзаға айрықша алғысы мен ізгі ниетін жеткізді.

«Бүгінде біздің 100-ге жуық имамдарымыз Түркиядағы іргелі діни оқу орындарында білімін жетілдіруде. Біз діни салада әрқашан түрік бауырларымыздың қолдауын сезініп келеміз. Қолдауларыңыз үшін өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан алғысымды білдіремін», – деді Серікбай қажы Ораз.

Кездесу соңында бауырлас елдердің діни саладағы екіжақты байланысын нығайту бағытындағы игі бастамалар мен қадамдар сөз болды.

Бөлісу: