24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Түркістандағы кеңсеге жаңа басшы тағайындалды

Түркістандағы кеңсеге жаңа басшы тағайындалды

Ел іші
Жарнама

29 қазан. АСТАНА. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістандағы кеңсесіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Түркістан облысы өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысындағы Кеңсесіне жаңа басшы тағайындалды. Жаңа басшыны ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы «Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи» орталық мешітінде көпшілік жамағатқа таныстырды.

Кеңсе басшысы болып наиб мүфти, ғалым-ұстаз Алау Әділбаев тағайындалды. Бас мүфти жаңа басшының алдағы уақыттарда атқаратын жұмысына сәттілік тіледі. Еліміздегі діннің өркендеуіне қосар үлестерінің көп болуы үшін дұға етті.

Намаз соңында еліміздің тыныштығы, Елбасымыздың амандығы, дініміздің көркеюі үшін дұға етті.

Бөлісу: