20
Сенбі,
Сәуір

һижри

ҰҚК: Интернет арқылы терроризмді насихаттаған қазақстандықтар ұсталды

ФОТО: kazislam.kz

Ел іші
Жарнама

2 қараша. АСТАНА. Ummet.kz - Интернет арқылы терроризмді насихаттаған 10 ұсталды, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

2018 жылғы 27 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласының, Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарының 10 тұрғынын ұстады.

Олар интернеттің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінде жүйелі түрде экстремистік контентті тарату жолымен терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деп күдіктелуде.

Діни материалдар орналастырылған чаттар мен қоғамдастықтарда Қазақстанның 15 өңірінің діндар тұрғындары қатарынан барлығы 180-нен артық қатысушы тұрған.

Сонымен қатар, ұсталған адамдардың терроризмді қаржыландыру мен өзге де көмек көрсетуге жеке қатыстылығы туралы деректер тексерілуде.

Тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Бөлісу: