19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Жамбыл облысында екі күнде екі мешіт ашылды (ФОТО)

Жамбыл облысында екі күнде екі мешіт ашылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

10 қараша. АСТАНА. Ummet.kz - Бүгін, қасиетті жұма күнінде Жамбыл облысында тағы бір мешіт жамағаттың игілігіне берілді, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Шу ауданы Балуан Шолақ ауылында жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті. Игілікті шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз, халқымыздың батыр ұлдарының бірі Жақсылық Үшкемпіров, айтыскер айқындар мен ауыл тұрғындары қатысты. Салтанатты рəсім қасиетті Құран аятымен ашылып, Бас мүфти жаңа мешіттің салынуына себепкер болған арда азаматтарға айрықша алғысын жеткізді.

"Қадірлі жамағат! Бүгін Балуан Шолақ ауылының тұрғындары үшін ғана емес, еліміздің күллі мұсылман қауымы үшін қуанышты күн. Алла Тағала мешіт тұрғызған пенденің екі дүниеде абыройын арттырады. Пайғамбар хадисінде айтылғандай, бір-біріне сəлем берген, əр істі Алланың атымен бастаған, аузында шүкір сөзі болған қауымға ешқандай қауіп келмейді. Біз осынау құндылықты салтымыз бен санамызға сіңірген мұсылман халықпыз. Жаратушы Иеміз жоралы жұртымызға берекетін жаудырғай. Жаңа мешіт барша жамағаттың игілігі мен ізгілігіне қызмет ете бергей. Əмин!" - деді Серікбай қажы Ораз.

Шараға қатысқан Жақсылық Үшкемпіров сынды ел ағалары ізгі тілегі мен жылы лебіздерін жеткізді.

Айта кетейік, жаңа мешітте бір мезетте 400 адам құлшылығын өтей алады.

Еске салсақ, кеше Бас мүфтидің қатысуымен Тараз шаһарында 800 орындық "Нəметбай" мешіті ашылды.

Бөлісу: