27
Сенбі,
Сәуір

һижри

«Әзірет Сұлтан» мешіті «Пайғамбарлар сұлтаны» атты мүшәйра жариялайды

«Әзірет Сұлтан» мешіті «Пайғамбарлар сұлтаны» атты мүшәйра жариялайды

Ел іші
Жарнама

19 қараша. АСТАНА. Ummet.kz – Ардақты Алла Елшісі Мұхаммед ﷺ пайғамбарымыз туылған Мәуліт айының құрметіне республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті «Пайғамбарлар сұлтаны» атты жыр мүшәйрасын жариялайды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Мүшәйраға қолында қаламы, жанында талабы бар кез келген ақын қатыса алады. Бәйге шарты бойынша әр ақынның Мұхаммед ﷺ пайғамбарымызға арнаған бір ғана өлеңі сарапқа салынады. Туынды 14 қаріппен жазылып, екі беттен аспауы тиіс. Сондай-ақ, шығарма бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған болуы керек. Өлең авторының қысқаша өмірбаяны мен суреті қоса жіберілуі тиіс. Хат соңында байланыс телефонын көрсетіңіздер.

Шығармаларды қабылдау желтоқсан айының 15-жұлдызына дейін жүргізіледі. Мүшәйра жеңімпаздарын марапаттау салтанаты Астана қаласында болатын Мәуліт кешінде өтеді.

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

         Бәйге жүлделері:

1-орын – Кіші қажылық
2-орын – Ноутбук
3-орын – Смартфон

5aadb84533bc741f1a82a814f4a68d33

Бөлісу: