20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Назарбаев 50 жылдан кейінгі ұрпаққа аманат хат жазды

Назарбаев 50 жылдан кейінгі ұрпаққа аманат хат жазды

Ел іші
Жарнама

1 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Бүгін Назарбаев университетінде «Ұлы дала мұрагерлері» атты оқушылар мен педагогтардың форумы өтіп жатыр. Салтанатты жиынға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, болашақ ұрпаққа аманат хат жазып берді, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Биыл «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына - 10 жыл. Осыған орай ұйымдастырылған шара барысында Зияткерлік мектебінің оқушысы: «Тұңғыш президент күні алғашқы Зияткерлік мектепке уақыт капсуласын табыс еткіміз келеді», - деді. Осыған байланысты ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан Зияткерлік мектептердің 2068 жылғы түлектеріне аманат хат жазып қалдыруды өтінді.

Мемлекет басшысы болашақ ұрпаққа хат жазып берді.

«Бұл 2068 жылғы ұрпаққа арналған хат. Қазақта «елу жылда ел жаңа» деген сөз бар. Ол кезде сендер әлі жас боласыңдар. Ол кезде жаңа технологиялар болады, адам деген 100 жыл, 120 жыл жасайтын болады. Сонда Құдай бұйыртса ашасыңдар да, мына хатты оқисыңдар», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Хатты жазып, капсулаға салып болған соң Елбасы оқушыларға «хатты сақтап қойыңдар, оны ешкім алып кетпесін» деп қалжыңдады.

21e6d39c614f5f420afca3a5bf3900be

Бөлісу: