25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Діни бірлестіктер өкілдерінің мерекелік құттықтауы

Діни бірлестіктер өкілдерінің мерекелік құттықтауы

Ел іші
Жарнама


Құрметті отандастартар!

Біз, Қазақстан діни бірлестіктер өкілдері, сіздерді шын жүректен мемлекетіміздің төл мерекесі ­– Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнімен құттықтаймыз!

Бүгінде Қазақстан өзінің егеменді дамуының 27 жылында әлемдік қауымдастықтың толыққанды, жауапты және құрметті мемлекеті ретінде қалыптасқанын сеніммен әрі мақтанышпен айта аламыз.

Мемлекетіміз кемелдену сынағынан абыроймен өтті. Қазақстандық қоғам этносаралық және конфессияаралық келісімнің ерекше үлгісі болып табылады. Елімізде әрбір адам өз дінін ұстанып, ана тілін, ұлтының мәдениетін және салт-дәстүрлерін еркін үйреніп әрі қолдануға жағдай жасалған. 

Ислам, православ, католик, протестант, иудей, будда және тағы басқа діндер ұстанатын жоғарғы құндылықтар  мемлекет тарапынан қолдау табуда.  

Мемлекет пен діни бірлестіктер арасында қалыптасқан өзара қатынастардың деңгейі, адамгершілік құндылықтары, ізгілік, әділеттілік пен бейбітшіліктің мызғымас үлгілері – біздің отандастарымыздың өмірінде әрі қарай орнығуына ықпал етеді. 

Бүгінде тәуелсіз, гүлденген, тұрақты Қазақстанды құру – біздің барлығымыздың атқарып жатқан маңызды тарихи борышымыз. Мемлекетіміздің одан әрі дамуы үшін Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айқындаған стратегиялық бағыттар бар.

Біз өзара түсіністік пен төзімділік, бір-бірімізге деген құрмет, ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтар мен адамгершіліктік қағидаттарының негізінде ғана қоғамымызда келісім мен ынтымақ, үйлесім мен бейбітшілік әрқашан үстемдік ететіне сенімдіміз.

Қазақстандық әр отбасына, әр шаңыраққа денсаулық, амандық, толағай табыс, бейбітшілік және өркендеу тілеп, Жаратушыға дұға етеміз!

Тәуелсіздігіміз баянды, мемлекетіміз гүлденген, халқымыз бақытты әрі амандықта болсын!

ҚАЗАҚСТАН ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР ӨКІЛДЕРІНІҢ

ЖИЫНЫ

2018 жыл 12 желтоқсан

Бөлісу: