27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Астанада алдағы үш күннің ауа райы белгілі болды

Астанада алдағы үш күннің ауа райы белгілі болды

Ел іші
Жарнама

25 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Дүйсенбі мен сәрсенбі аралығында елордада -17 градус шамасында суық болады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Қазгидрометтің мәліметінше, дүйсенбі, 24 желтоқсанда Қазақстанның бас қаласында күн райы құбылмалы болады, қар жаумайды. Солтүстік-шығыстан жылдамдығы 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -26...-28 °С, күндіз -20...-22 °С.

«25 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с жетеді. Сынап бағанасы түнде -30...-32 °С, күндіз -20...-22 °С көрсететін болады», - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Сәрсенбі, 26 желтоқсанда да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы -27...-29 °С, күндіз -17...-19 °С құрамақ.

Бөлісу: