29
Жұма,
Наурыз

һижри

Елорда мешіттерінің әйел шәкірттері арасында интеллектуалды сайыс өтті (ФОТО)

Елорда мешіттерінің әйел шәкірттері арасында интеллектуалды сайыс өтті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

28 желтоқсан. Астана. Ummet.kz – Кеше республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті мен Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Ханшайым қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен Елорда мешіттеріндегі Діни сауат ашу курсының әйел шәкірттері арасында «Зерде» интеллектуалды сайысы болып өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Сайысқа республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті, «Нұр Астана», «Сәдуақас қажы Ғылмани», «Әлжан ана», «Ырыскелді қажы» мешіттеріндегі сауат ашу курсында тәлім алатын әйел шәкірттер қатысып, білімдері мен ұшқыр ойларын ортаға салды. Сайыс барысында «Қазақстан», «Тарих», «Салт-дәстүр», «Тәуелсіздік» тақырыптарында мемлекеттік және ұлттық құндылықтар, салт-санаға қатысты сауалдар қойылып, тұшымды жауаптармен жалғасын тапты.

ҚМДБ Әйелдер-қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы, Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Дінмұхаммед Сманов бастаған қазылар алқасы қатысушылардың жан-жақты білімін бағалап, сайыстың төрелігін жүргізіп отырды.

Бірнеше айналымнан тұрған сайыстың қорытындысы бойынша, 1-орынды «Нұр Астана» мешітінің шәкірті Ділдәбек Жансая иеленсе, «Әлжан ана» мешітінің шәкірті Рысқалиева Ұлғанымға ІІ-орын берілді. Жүлделі ІІІ-орынға республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірті Шағангүл Мақсұтқан лайық деп танылды. Жүлдегерлерге арнайы диплом мен алғыс хаттар табысталып, бағалы сыйлықтармен  марапатталды.

1e2c19a82ca0e38bf107f7193ec0429d

1f3cbf4e731087a2fa54044a505e60e7

3c149ecbfe0b667b29f1810a866c18ab

4dbf40c02c6289c5552844c840e182e8

4e8ee002d6ffacb1e81cd46ecbe5fd56

29fe92955961b574a65466a3092d4f92

30d0f8fa2ee38ed4239b28f01e451b4b

78dbb72560a95364ebf3451e06f3e735

80ed9359a85698c1d4f1885ece0e925d

c0c39b026d8362eff02d315692e631a0

93bd9f0957734622bdff1d0f8d7aa132

5063119fc6e230aa056b705ce0f017e6

e1674dd3fe984fc7e454d6ba02e65090

fe128c7f04c00464fc1fcdb86310907a

e29aea636e508ef7d4da42b17447a57d.4w2a6644

 

 

Бөлісу: