24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Астанада Мәуліт кеші өтті (ВИДЕО+ФОТО)

Астанада Мәуліт кеші өтті (ВИДЕО+ФОТО)

Ел іші
Жарнама

29 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Астана қаласында Мәуліт мерекесіне арналға рухани кеш өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) туған айына орай, еліміздің жер-жерінде Мәуліт оқылып, рухани бағдарламаларға бай арнаулы іс-шаралар өткізілуде. Мәуліт мерекесіне орайластырылған мұндай кештердің басты мақсұты - көрермен көңіліне Пайғамбарымыздың (ﷺ) өнегелі өмірінен баһра ұсыну.

Арқаның апай төсінде, Бейбітшілік және келісім сарайында Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың абзалы» атты рухани кеш өтті.

Айтулы іс-шара қасиетті Құран аяттарымен басталып, Жәкен Қазыбекұлының жазған мәуліт жырымен жалғасын тапты. Пайғамбарымыздың (ﷺ) тағылым тұнған өмір белестерін жыр жолдарымен жеткізетін Мәуліт жыры ана тілімізде домбырамен орындалды. Сүйікті Пайғамбарымызға (ﷺ) баршасы тік тұрған қалпы салауат жолдады.

«Өнер қырандары» театрының «Жаңбырлы жас», «Пойыздағы оқиға», «Ардақты пайғамбар» атты сахналық қойылымдары арқылы асыл дініміздің арда құндылықтары жеткізіліп, күлдіре отырып ой салып, зал толы көрерменді бір жылатып, бір қуантты. Өмірде болған уақиғалар мен келістіріле сомдалған тиіптік кейіпкерлер образы көрермен қауымның көзіне жас алдырып, көңілдеріндегі Алла Елшісіне (ﷺ) деген сағыныш отын маздатты.

Елімізге белгілі Арман Бердалы, Дидир Қамиев сынды бұлбұл көмей ақындарымыз бен Сержанәлі Әлібек, Құрмаш Махан секілді жезтаңдай әншілеріміз адамның жан дүниесіндегі «мадақ айту», «шүкір ету» сезімдерін оятатын есті әндерімен, тағылымды жыр жолдары арқылы мерекелік кештің мәніне мән қосып, ажарын шырайландыра түсті.

Бас мүфти Серік қажы Ораз Мәулітке құттықтау сөз сөйлеп, Мәуліт мерекесінің маңызына тоқталды:

«Сайын даланы мекен еткен бабаларымыз Пайғамбарымыз ғалайссаламға салауат айтатын кештерге халықты жиып, Алла жолына арнаған мал-мүлкін, ризық-несібесін ел игілігіне таратып, көптің дұғасы мен батасын алып келген.

Біз – «иманым – менің жиғаным» деген бабалардың, ізгі жақсылардың жалғасымыз. Мәуліт біздің Тәуелсізідгіміздің арқасында, елдік пен бірліктің арқасында халықтық мерекеге айналып келе жатыр. Республикамыз бойынша барлық өңірлерде осындай мәуліт оқу дәсүрі жаңғырды. Өйткені Алла Елшісінің сөзі, хадисі – ғұрпымызға, сүннеті – салтымызға айналған халықпыз», - деді Бас мүфти.

Кеш аясында Бас мүфти Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен өткен «Пайғамбарлар сұлтаны» жыр мүшәйрасының қорытындысы жарияланып, Алла Ешлісінің (ﷺ) өнегесін жыр жолдарымен шебер жеткізген ақынға өз қолымен жүлделерін табыстады. «BioHayat» компаниясының бас демеуші болуымен ұйымдастырылған жыр мүшәйрасында жүзден жүйрік шыққан бас жүлдегеріне кіші қажылық сапарына жолдама берілді.

Сондай-ақ, биыл жылы тұңғыш рет Мәуліт мерекесінің құрметіне орай әр салада оза шауып, елеулі нәтижелерімен ел көзіне түскен үлгілі жандарға арнайы «Мәуліт сыйлығы» табысталды. Көпшілікке Пайғамбарлар Сұлтанына (ﷺ) тән асыл қасиеттерді насихаттау мақсатында «Тәлімгер тұлға», «Үлгілі ұстаз», «Жанашыр жүрек», «Қамқор отбасы», «Өнертапқыш жас ғалым» аталымдары бойынша таңдап алынған үздіктер «Алғыс хатпен» қоса бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Құдай дауыс пен талант берген, көрермен көзайымына айналған актерлар Нартай Сауданбекұлы мен Қуандық Қыстықбаевтар кеш тізгінін ұстап, оқыған тағылымды мәтіндері жүректерді тебірентті. 

Осылайша, рухани кеш Алланың ақырғы Елшісінің (ﷺ) дүниеге келген сәтінен бастап барлық өмір белестерін, адамзат қоғамын жақсылыққа баулуға бағытталған әр алуан сипаттары мен өшпес өнегелерін толық қамтыды.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: