19
Жұма,
Сәуір

һижри

Астана мешіттеріне садақа терминалы қойылды (ФОТО)

Астана мешіттеріне садақа терминалы қойылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

10 қаңтар. АСТАНА. Ummet.kz – Астана мешіттеріне садақа терминалдары қойылды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен игі бастамалардың жалғасы ретінде тағы бір оқиға орын алды. Қаржылық ашықтықты қолдау мақсатында бүгін Астана қаласындағы 10 мешітке садақа терминалдары қойылған болатын.

Бас мешітте өткен «Діни ақпарат беру» және Call орталықтың ашылу салтанатына қатысқан ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз жаңадан қойылған садақа терминалдарын тексеріп, мешіт есепшотына қайырымдылық қаражатын аударып көрді.

Айта кетейік, аталмыш садақа терминалдары Астана қаласындағы барлық мешіттерге орнатылып отыр. Технология жетістігін тиімді пайдалануға жол ашқан бұл жобаның алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлерінде қолданысқа енгізілетіні айтылып өтті.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

 

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: