24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Ақтөбе: Имам журналистер одағының мүшесі атанды

Ақтөбе: Имам журналистер одағының мүшесі атанды

Ел іші
Жарнама

14 қаңтар. АСТАНА. Ummet.kz – Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық кәсіпшілігі мешітінің бас имамы Халықаралық журналистер одағына мүше атанды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Алматы қаласында қазақ спортының қара шаңырағы - Қазақ Спорт және туризм академиясында дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өз жұмысын бастаған болатын.

Аталмыш семинарда қазақ спортына еңбек сіңірген қайраткерлер марапатталды. Сондай-ақ, «БҰҰ адам құқығын қорғау комитеті» марапаттау комиссиясының төрайымы, «Елбасы курстастары» қоғамдық қорының Алматы қаласы мен облысы бойынша филиал директоры, «Президент және спорт» журналының шеф-редакторы, құрметті профессор Гүлия Иманова  Ақтөбе облысы, Шұбарқұдық кәсіпшілдік мешітінің бас имамы Нұрлыбек Сабырғалиевке халықаралық журналистер одағының мүшесі куәлігін және төс белгісін табыс етті.

«Игілік» отбасылық республикалық журналының бас редакторы, қоғам қайраткері, «Нұр Отан» партиясының үздік спикері Меруерт Айтенова бас имамға отбасы тақырыбы бойынша мақалалар жазу туралы ұсыныс білдірді. Бас имам өзінің бұл ұсынысты қабыл алатынын білдірген соң, аталмыш республикалық журналдың Ақтөбе облысы бойынша тілшісі болып тағайындалды.

Шараға құрметті қонақ болып Қазақстан еңбек ері, грек-рим күресінен Олимпиада және Әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров ағамыз келіп, имамға ақ батасын берді. «Қазақстан журналистер одағының» мүшесі атанып, еңбек етіп жүрген имамдар бар. Алайда, халықаралық деңгейде  еліміз бойынша имамдар арасында алғаш рет өзің болып мүшелікке өтіп жатырсың. Құтты болсын, шығармашылық табыстар тілеймін», - деп өз ықыласын білдірді ағамыз.

Жақсылық Үшкемпіров ағамыздан бата алған имам, ендігі уақытта имандылық мен журналистиканы қатар алып жүріп, діни-әдеби бағытта қалам тербеп,  имамдардың имиджін қалыптастыруға ықпал ететінін тілге тиек етті.

Сонымен қатар, республикалық  «Иман» журналының бас редакторы Оңғар Өмірбек ағамызбен кездесіп, батасын алып, діни-әдеби мақалаларын  жазып тұратынын айтты.

WhatsApp Image 2019 01 13 at 15.09.47

WhatsApp Image 2019 01 13 at 15.09.48

WhatsApp Image 2019 01 13 at 15.09.46

 

Бөлісу: