26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Босқа жұмыс істемеппіз». Елбасы жастарға батасын берді

ФОТО: aqorda.kz

Ел іші
Жарнама

24 қаңтар. АСТАНА. Ummet.kz – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жастарға үндеу жасап, батасын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Сіздердің өз еліңізді мақтан тұтып, тарихымызды, салт-дәстүрді білгендеріңізді қалаймын. Біз, номадтар, көшпелі халықтың ұрпақтарымыз. Көшпелі халық та әлемдік мәдениет пен тарихқа өз үлесін қосты. Сіздер елімізді әлемнің дамыған 30 елінің тізіміне ендіре аласыздар. Бүгін осында жиналып, жастар жайлы ғана емес, еліміздің тағдыры, болашағы жайлы әңгімелескенімізге қуаныштымын. Мен жастарымыздың дамығанын білетінмін, бірақ бүгін оны толықтай түсіндім. Осы күнге дейін босқа жұмыс істемеппіз, әлі күнге дейін жұмыс істеп жатырмыз, ғылымды дамытуда атқарылып жатқан жұмыстырамыз бекерге емес. Дұрыс ұрпақ тәрбиелеп шыққанымызға сенімдімін, еліміздің болашақ ұрпағы үшін уайымдамаймыз!», - деді Мемлекет басшысы жастарға.

Жастар жылын ашуға арналған салтанатты іс-шараның соңында Нұрсұлтан Назарбаев барлығына денсаулық пен амандық тіледі.

Бөлісу: