19
Жұма,
Сәуір

һижри

Астанада мешіт қызметкері кіші трактор ойлап тапты

Астанада мешіт қызметкері кіші трактор ойлап тапты

Ел іші
Жарнама

25 қаңтар. АСТАНА. Ummet.kz – Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкері кішірейтілген трактор құрастырды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкері Рахматулла Қапсаттарұлы қолы бос уақытта әр түрлі көліктің қосалқы бөлшектерінен жаңа техника құрастырумен шұғылданады. Бұған дейін қарда жүретін көлік құрастырған «өнертапқыш» бүгінде өзінің қолынан шыққан кішірейтілген тракторын іске қосты.

«Өнерліге өріс кең» демекші, Р.Қапсаттарұлы күнімізде ұмытылып бара жатқан қамшы өру өнерін де жақсы игерген. Ол қамшының 4, 6, 12 өрімдік түрлерін тек табиғи өнімдермен өреді. Көненің көзіндей болған қамшы өру тәсілін өскелең ұрпаққа да насихаттауды өзіне мақсат еткен Рахматулла Қапсаттарұлы арасында шәкірт тәрбиелеп, қамшы жасаудың қыр-сырын жас ұрпаққа ақтаруға тырысып жүр.

Бөлісу: