29
Жұма,
Наурыз

һижри

ҚМДБ-ның сараптау комиссиясы Алматы өңірінде

ҚМДБ-ның сараптау комиссиясы Алматы өңірінде

Ел іші
Жарнама

26 қаңтар. АСТАНА. Ummet.kz – ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкілдігі жанындағы «Үшқоңыр» колледж медресесінде өңір бойынша барлық имамдар  аттестациядан өтті, деп хабарлайды azan.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

3 күнге созылған аттестациялауға өңірге қарасты қала, аудан, ауылдық мешіттерінде қызмет ететін барлығы  321 қызметкер қатысты.   Оның ішінде бас имамдар мен наиб имамдар, ұстаздар мен азаншылар, молдалар  бар.

Аттестацияны  ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Алау  Әділбаев, ҚМДБ-ның  шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, ҚМБД-ның дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет, ҚМДБ-ның  заңгері  Сағитжан Даулетияр және  ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкілі, орталық «Қарасай батыр» мешітінің бас имамы  Қуаныш Бақытбекұлы  бағалап отырды.

Комиссия төрағасы ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Алау қажы Шайқымұлы  аттестацияның  маңыздылығын түсіндіріп, сараптама  өтуші діни мамандарға сәттілік тіледі.

ҚМДБ-ның дін істері және сараптау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек қажы Әуесханұлы аттестацияның компьютерлік бағдарламада арнайы әзірленген тест сұрақтарынының күнделікті жамағатты мазалайтын сұрақтар сұранысына сай жинақталып, шектеулі уақыт аралығында жауап беруге шақтап жасалғанын айтып, діни саладағы айқын ашықтықты көрсететінін жеткізді.

Бөлісу: