18
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Елорда имамдары қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды

Елорда имамдары қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды

Ел іші
Жарнама

30 қаңтар. АСТАНА. Ummet.kz -Елорда имамдары Бас шаһардағы діни ахуалды жақсартуға қосқан үлестері қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Соңғы жылдары еліміздің түкпір-түкпірінде діни жат ағымдардың жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай күрт көбейіп кеткені ешкімге жасырын емес. Сайын дала төсінде сан ғасыр бойы қалыптасқан халық сеніміне сына қағып, санасын улауға тырысқан теріс ағымдардың арбауына түскендердің аз еместігі де белгілі. Осы орайда, ҚМДБ тарапынан жүргізіліп келе жатқан теріс ағымнан сақтандыру бағытындағы профилактикалық ағарту жұмыстарының алар орны айрықша. Арнайы жүздесулер өткізіліп, теріс ағымдар шырмауына алданғандарды ата дінімізге қайтару бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да ауыз толтырып айтарлықтай. Қазіргі таңда еліміз бойынша ҚМДБ жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат (РАНТ) тобына қоса, әр өңірлерде Жергілікті ақпараттық түсіндіру топтары құрылып, жемісті еңбек етіп келеді.

Осы орайда, Астана қаласының әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Елорда имамдарынан жасақталған ЖАНТ мүшелерімен арнайы кездесу өткізіп, Бас шаһардағы діни ахуалды жақсартуға қосқан үлестерін айрықша атап өтті. Конфессияаралық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайтудағы еңбектерін жоғары бағалайтынын жеткізді. Кездесу соңында Елорда имамдарына қала әкімі Бақыт Сұлтановтың атынан «Алғыс хат» табысталды.

WhatsApp Image 2019 01 30 at 13.59.57

WhatsApp Image 2019 01 30 at 13.59.57 1

ac88ca547c0b25a4cc276b4e27f56485

Бөлісу: