20
Сенбі,
Сәуір

һижри

«Астана – мейірімді қала» жобасын жандандыру тапсырылды (ФОТО)

«Астана – мейірімді қала» жобасын жандандыру тапсырылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама
5 ақпан.  АСТАНА.  Ummet.kz - Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен жиналыс барысында «Астана – мейірімді қала» жобасын жандандыру жұмыстары тапсырылды, деп хабарлайды muslim.kz  сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 
Осы апта ішінде Астана қаласында ауа-райы күрт суытып, термометр тілшігі тым төмендеп кететіні белгілі болып отыр. Алдын ала дабыл қаққан ауа райын зерттеушілері бұл күндері аса мұқият болуды ескертуде.
 
Табиғаттың бұл тосын мінезіне орай наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Астана – мейірімді қала» жобасын жандандыра түсуді нақтылады. Қала мешіттерінің ұйымдастыруымен бұл күндері тегін такси қызметін орайластырып, шаһар көшелеріндегі қоғамдық жұмысшыларға ыстық тағам тарату жұмыстары жоспарланды.
 
Айта кетейік, Астана қаласы өкілдігінің бастамасымен іске қосылған «Астана – мейірімді қала» жобасы бұған дейін бірнеше мәрте ұйымдастырылған болатын. Жамағатты жұмылдыру арқасында аязды күндері тегін такси қызметі қосылып, мешіт қызметкерлері көше аралап, жұмысшыларға ыстық тамақ таратқан болатын.
938330ffe6e46f4520af8027ef8474e1
 
a6f94dcff1302560952434478769d7cd
 
394cea05e2f306e9a9b7a5b863f24a35
 
394aa331db5f4037438544800c07ee07
 
Бөлісу: