19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Ғұламалар кеңесінің ХХІ мәжілісі өтіп жатыр

Ғұламалар кеңесінің ХХІ мәжілісі өтіп жатыр

Ел іші
Жарнама
14 ақпан.  АСТАНА. Ummet.kz - Астанада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің кезекті ХХІ мәжілісі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 
 Кеңес хатшысы, PhD доктор Ершат Оңғаров «Пәтуалар жинағы-ІІ» кітабының мазмұны жайлы баяндады.
 
Мәжілісте «Желілік маркетинг үкімі», «Пойыз және ұшақта намаз оқу үкімі», «Маникюр жасаудың үкімі», «Шашты бояудың үкімі», «Жасанды кірпік жапсырудың үкімі», «Телефон және интернет арқылы неке қию үкімі», т.б. тақырыптар төңірегінде әзірленген пәтуалардың мәтіні талқылануда.
 
«Құрметті ғалымдар, мүфтияттың Астанада ашылған жаңа ғимаратына қош келдіңіздер. Бұл ғимарат елдің игілігі мен бірлігіне қызмет ететін пәтуалар шығаратын орталыққа айналады деген сенімдемін», – деп атап өтті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.
 
Мәжіліс 3 күнге созылмақ.
02
 
03
 
348A8777
 
348A8804
 
348A8861
 
348A8861
 
Бөлісу: