06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Астананың ботаникалық бағында тропикалық жемістер пісіп жатыр

Ел іші
Жарнама

21 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz - Астанадағы Ботаникалық бағында тропикалық ағаштар жеміс сала бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Онда цитрустық кумкват жемісі сегіз айда үшінші рет жеміс беріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Астанада алғаш рет банан ағашы жеміс түйді. Бұл жемістер әлі піскен жоқ. Италия тәлімбағынан жеткізілген бұл ағаштардың Астана ботаникалық бағына жерсінуіне шамамен 6 ай ғана қажет болды. Біздің бақта банан ағаштары екі есеге дейін үлкейді. Қазір олардың бұтақтарын бөлек алып, көбейтіп жатырмыз», - деді Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры Гүлнар Ситпаева.

Оның айтуынша Мұндағы суару, климатты қадағалау жүйелері автоматтандырылған.

«Тропикалық ағаштардың өзін жайлы сезінуі үшін температура 24 гралдустан, ылғалдық - 70% төмен түспеуі керек. Цитрустық кумкват жемісі сегіз айда үшінші рет жеміс беріп отыр. Бұл - жоғары деңгейлі күтім мен еңбектің нәтижесі», - деді институт басшысы.

Сонымен бірге, Г. Ситпаева ботаникалық бақ жанынан жартылай өндірістік жылыжай ашылатынын хабарлады. Яғни, қала тұрғындарына тропикалық өсімдіктерді үй ішінде өсіру мүмкіндігі берілмек.

Оранжереялық кешенде жалпы саны 70-тен асатын тропикалық және субтропикалық өсімдік түрлері бар.  Ал суккуленттер бөлімінде кактус пен алоэ өсімдіктерінің 60-тан астам түрі бар.

Айта кетейік, Астананың Ботаникалық бағы 2018 жылы Елорданың 20 жылдығы қарсаңында ашылған болатын. Онда фикус, лимон, драцен, апельсин, папортоник, пальма және т.б. тропикалық мемлекеттерден әкелінген 1100 өсімдік отырғызылған. Екінші климатронда  960 суккулент отырғызылған. Олардың арасында әлемде сирек кездесетін коллекциялық кактустар мен гибридтер бар.

Бөлісу: