22
Жұма,
Қараша

һижри

Бас мүфти Талдықорған төрінде

Бас мүфти Талдықорған төрінде

Ел іші
Жарнама

4 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Көктемнің алғашқы әрі алғыс айту күнімен тұспа-тұс келген Қасиетті жұма күні, ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазірет Талдықорған  өңіріне табан тіреп, Жетісу жамағатымен кездесті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Адамға рахмет айтпаған – Аллаға шүкір ете алмас демекші, Бас мүфти осы күнге жеткізген Аллаға шүкіршілік ете отырып, дүниеге келуімізге себепші болған ата-анамызға және туған-туысқа, аға-бауырларға рахмет айтуды жеткізумен қатар, аманат ұғымы туралы  жұма уағызын жүргізді.

Нәрлі де әсерлі насихаттан сусындаған Жетісу жұршылығы хазретке алғыс айтып, ақ баталарын берді.

Сондай-ақ, қасиетті жұма күні мүфти хазрет Алматы облысы әкімі Амандық Батталовпен кездесті. Алғыс айту күніне арналған кездесуде биыл жарияланған «Жастар» жылы аясында жастардың дұрыс сенімде болуы, дәстүрлі дінімізді ұстануы, діни тұрақтылық және де көп балалы отбасылардың жағдайы оңтайлы шешілу мәселелері бойынша өзара пікір алмасты. Мүфти хазрет облыс әкіміне мүфтияттың атқарып жатқан жұмыстары және мешіттерде жүзеге асып жатқан игі іс-шаралар жайлы баяндады. Өз қатарында облыс әкімі қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайту жұмыстарына дін қызметкерлерінің қосар үлесі мол екенін де атап өтті.

Облыс басшысы мен дінбасы бір-біріне ыстық лебіздерінен соң өзара сыйлықтар және тілектермен  алмасты.

Бөлісу: