25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти Алматыда біртоп өнер өкілдерімен сұхбаттасты (ФОТО)

Бас мүфти Алматыда біртоп өнер өкілдерімен сұхбаттасты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

7 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз «Өнер қырандары» театрының жетекшісі Мадияр Серікбаев бастаған біртоп өнер өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Кездесуде театрдың руханият саласында атқарып жатқан жұмыстары сөз болды. Мадияр Серікбаев ұжымның алдағы игі іс-шаралары мен жоспары жайлы баяндап берді.

«Театр – адамның таным көкжиегін кеңейтіп, мәдениетін арттыратын өнердің үлкен бір саласы. Сіздер осы салада асыл дініміздің баға жетпес құндылықтарын жан-жақты насихаттап келесіздер. Сонымен қатар, мүфтияттың жыл сайын ұйымдастыратын Мәуліт кешінде ғибратты қойылым жасап, қаншама адамдардың жүрегіне ізгіліктің дәнін ектіңіздер. Бұл – үлкен сауапты іс. Алла жұмыстарыңызға береке берсін», – деп жылы лебізін білдірді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Басқосу барысында өнер өкілдері Бас мүфтиге көкейде жүрген сауалдарын қойып, емен-жарқын сұхбаттасты.

Бөлісу: