26
Жұма,
Сәуір

һижри

Елбасы Эфиопия Президентіне көңіл айтты

Елбасы Эфиопия Президентіне көңіл айтты

Ел іші
Жарнама

12 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының Президенті Сахле-Ворк Зеудеге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды aqorda.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы ұшақ апаты салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Осы қаралы сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Эфиопия халқына көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Бөлісу: