20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ғимаратын аралады (ФОТО+ВИДЕО)

Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ғимаратын аралады (ФОТО+ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама
18 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Нұрсұлтан Назарбаев елорданың Алматы ауданындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ғимаратын аралап көрді, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазіргі жұмысымен және алдағы жоспарымен танысты, сондай-ақ қызметкерлермен әңгімелесті.
 
"Сіздердің жұмыстарыңыз үшін барлық жағдай жасалды. Біз сіздермен бірге халықтың игілігі үшін еңбек етеміз. Егер мемлекетте бірлік пен келісім болмаса, ондай елдің болашағы жоқ", - деді Қазақстан Президенті.
 
39cb0da1a0592d1d8f46fd26772aefcd
 
Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушыларды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, Діни басқарманың жұмысына табыс тіледі.
 
***
 
«Нұрлы Астана» корпоративтік қоры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жаңа ғимаратының құрылысын 2015 жылдың қазан айында бастап, 2018 жылғы желтоқсанда аяқтады.
Бөлісу: