29
Жұма,
Наурыз

һижри

Елордамыздың ең үздік қарилары анықталды (ФОТО+ВИДЕО)

Елордамыздың ең үздік қарилары анықталды (ФОТО+ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама

28 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан VIII Республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті. Өкілдік бойынша  іріктеу сайысына Елордамыздағы 10 мешіт пен «Астана» медресе-коллежінің, Сауат ашу орталығынан келген 33 үміткер қатысып, өзара бақ таластырды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Үміткерлер арасынан үздігін анықтап, Республикалық додада Елордамыздың намысын қорғайтын білгірін бағалау төрелігі «Қауам ад-Дин әл-Итқони әл-Фараби ат-Түркістани» республикалық қарилар даярлау орталығының директоры Сәдуақас қари Олжабайұлы, «Астана» медресе-колледжінің ұстазы Абдуссамиғ Али, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар қари Өсерханұлы сынды танымал қариларға жүктелді.

Қатысушылар «30 пара», «20 пара», «10 пара» аталымдары бойынша жатқа оқудан өз біліктіліктерін сынаса, «Мәнерлеп оқу» аталымы бойынша  Құран Кәрімді мәнерлеп оқып өздерінің қарым-қабілетін сынға салды.

Әділқазылар шәкірттердің қырағаты мен оқу мәнері, дұрыс дыбыстау, т.б. техникалық шеберліктеріне жіті назар аударды. Нәтижесінде, жүзден жүйрік шыққан шәкірттерге арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар берілді. Ал, «30 пара» аталымы бойынша үздік шыққан Абдуғаппар Тұрсыновқа кіші қажылыққа жолдама берілді.

Жүзден жүйрік атанған жеңімпаздарды марапаттап, ізгі тілегін арнаған ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құран жарысының ұйымдастырудағы басты мақсат – жастарды имандылыққа ұйытып, ізгілікке үйрету екенін атап өтті. Құран оқылған жерде береке барын, ынтымақ пен бірліктің гүлдене түсетінін тілге тиек еткен Наурызбай қажы Тағанұлы барлық қатысушыларға ынта-талаптары мұқалмастан, Алланың сөзі – қасиетті Құран Кәрімге деген махаббаттары күшейіп, зейіндері арта түсуіне тілектестігін жеткізді.  

«30 пара» аталымы бойынша:

1-орын: Абдуғаппар Тұрсынов - Кіші қажылық
2-орын: Абуами Ардақұлы - 70.000 тг
3-орын: Азамжан Яхияқожаұлы - 60.000 тг

«20 пара» аталымы бойынша:

1-орын: Асаділлә Сүлейменұлы - 50.000 тг
2-орын: Ажинұров Ақжарқын - 40.000 тг
3-орын: Сейітқасым Ерқанат - 30.000 тг

«10 пара» аталымы бойынша:

1-орын: Нұртілеу Серікұлы - 40.000 тг
2-орын: Омаров Қадырхома - 30.000 тг
3-орын: Қылышбек Әлібек - 20.000 тг

«Мәнерлеп оқу» аталымы бойынша:

1-орын: Еркінбек Мұсабек - 30.000 тг
2-орын:  Каришаев Салман - 20.000 тг
3-орын: Құмабаев Ануар - 15.000 тг

Бөлісу: